Алматы – Петропавл бағытындағы № 105 пойыз құрамындағы техникалық вагон өртенді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы - Петропавл жолаушылар пойызының шұғыл тоқтауына техникалық вагоннан шыққан өрт себеп болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пойыз жолаушылары отқа оранған техникалық вагонды видеоға түсіріп алған.

Ақпаратты «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі растады.

«Алматы - Петропавл бұл жолаушылар пойызы. Мұнда жолаушылар вагоннан бөлек, техникалық вагон болады. Өрт сол техикалық вагоннан шықты»,- деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін бүгін таңғы сағат 04.27-де «Алматы-Петропавл» бағытындағы №105 жолаушылар пойызы «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл тоқтағаны туралы жазған болатынбыз.

Пойызда 184 жолаушы болған. Олар баратын жеріне басқа пойыздармен жеткізіледі.

Тергеу жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы құрылды.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар