Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына қазіргі заманғы реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді.

«Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, себебі әңгіме біздің еліміздің болашақ ұрпағы - сәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр. Сондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз болып табылатын AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, дүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенгім келеді» - деп атап өтті Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы - еліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12%-ы мерзімінен бұрын босанатындар.

«Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескірген, сондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады. Бізде орнатылған көптеген модельдер өндірістен алынып тасталды, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе, құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзекті. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауының арқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», - деп атап өтті Алматы қаласы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Александровна Лисогор.

Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені құрады.

Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі бұзылған жаңа туған нәрестелердің дене температурасын, қажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін ұстайды.

Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұру үшін арнайы құрылған . Әдетте олар төмен дене салмағымен туады, және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстау керек. Дененің қалыпты температурасы 37,5С аспауы тиіс, іш температурасы 36,2 - 36,5С шегінде болуы тиіс. Ашық реанимациялық жүйеде осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін кереуеттің, ауаның температурасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу берудің қуаты белгіленеді.

Фототерапия шамы жаңа туған нәрестелердің денсаулығы мен зиятын сақтай отырып, оларды емдеуге көмектеседі. Жаңа туған нәрестелердің сарғаюы - бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әкелетін уытты билирубин деңгейінің ұлғаюы. Әсіресе ол шала туған балалардың арасында жиі кездеседі. Қандағы уытты билирубиннің жоғары деңгейі дамудағы кідірістерді, атетоидты церебралды сал ауруын, ішінара немесе толық сал ауруын, құрысуды, есту проблемаларын қоса алғанда, баланың бас миының қайтымсыз зақымдануына себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар