Алматы перинатология орталығында соңғы науқас коронавирустан жазылып шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан COVID-19-дан сауыққан соңғы науқас үйіне шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше біз екіжақты пневмониямен ауырған соңғы науқасты шығардық. Науқастың жағдайы жақсы және ол біздің дәрігерлерге өте риза. Енді орталықтағы жұқпалы аурулар провизорлық бөлімшесін кардиохирургия бөлімшесіне жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жандануына байланысты жауып тастадық», - дейді перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.

Естеріңізге сала кетейік, пандемияға байланысты орталықта шілде айынан бастап ЖРВИ немесе Covid-19 белгілері бар пациенттер үшін 30 төсекпен жабдықталған бөлімше ашылған болатын.

Мұнда 118 науқас емделді. 48 бала қабылданып, оның 20-сы кесар тірлігімен дүниеге келген еді.

Науқастар арасында коронавирустан өлім болған жоқ.


Соңғы жаңалықтар