Алматы ойранында адам өлтірді деген күдікпен 15 адам қамауда отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас прокуратура Алматы трагедиясы бойынша алғашқы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура «Алматы қасіретінің» және басқа өңірлердегі террористік шабуылдардың барлық себептері мен егжей-тегжейін анықтау үшін жұмыс жасауда.

Бүгінде жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі, оның ішінде 44 – терроризм актісі бойынша, 34 – жаппай тәртіпсіздік, 15 - адам өлтіру және басқалары бойынша тергеп-тексеруде.

Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Соттың санкциясымен 412 адам қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Бас прокуратура қанша адам қамалып, қаншасы босатылғанын мәлімдеген болатын.


Соңғы жаңалықтар