ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Жаңбыр суының шайып кетуіне байланысты Алматы-Өскемен тасжолының 382-410 шақырымында жабылған жол ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазір жолаушылар 200 шақырымдық айналма жол арқылы емес, шу шайып кеткен жолдың жанынан жасалған айналма жол арқылы қатынауда.
«Жол қозғалысы қалпына келтірілді. Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 393-395 шақырымындағы құбырлы су өткелдерін су шайып кетуіне байланысты айналма жолдар жасалып, жол қозғалысы қалпына келтірілді»,- делінген Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметінің жариялаған хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы-Өскемен республикалық трассаның жабылғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар, ҚазАвтожол «Алматы-Өскемен» трассасындағы су шайып кеткен жолды бір айда жөндейтінін мәлімдеді.