«Алматы-Өскемен» трассасында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – «Алматы-Өскемен» трассасында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға 18 наурыз күні сағат 23:30 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 735-шақырымында болған. SETRA жолаушылар автобусының рулінде болған 60 жастағы жүргізуші қауіпсіз қашықтықты сақтамай RENAULT жүк көлігімен жанама соқтығысуға жол берген. Салдарынан екі адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жатудан бас тартқан.
«Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процесуалды шешім қабылданады», - делінген полиция хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар