Алматы-Өскемен трассасында велосипедші қаза болды

None
None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында 51 жастағы велосипедшіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 тамыз күні түнгі сағат 22:50-де велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт қылды. Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 19-шы шақырымында болған. Мазда көлігінің 49 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерден велосипедпен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көз жұмған азамат Іле ауданының тұрғыны болған.


Соңғы жаңалықтар