Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік көлік апатынан бір адам мерт болды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік көлік апатынан бір адам мерт болды. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7-желтоқсан күні түнгі сағат 23:00 шамасында болған. Алматы-Өскемен тасжолының 71-шақырымында «Mercedes-Benz 814» көлігі солтүстік бағытпен келе жатып, бағдаршамда тұрған «Toyota Caldina» көлігіне соғылған. Салдарынан «Toyota Caldina» көлігінің жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Дәл осы көліктің 39 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

«Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3- бөлігіне сәйкес тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, «Toyota Caldina» көлігі тоқтауға рұқсат етілмеген жерде тұрған.


Соңғы жаңалықтар