«Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Алматы-Өскемен» тасжолында жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram каналында жарияланған мәліметке сүйенсек, 19 ақпанда сағат 21:10-нан бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғақ пен қарлы боранға байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымында және «Аягөз-Қалбатау» тасжолының 971-1068 шақырымында жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы шектелді.

Осы ретте, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжолдың жабылғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар