«Алматы-Өскемен» тасжолында екі көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Алматы-Өскемен» тасжолында екі көлік соқтығысып, 5 адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының 13-шақырымында болған.

«Lada» маркалы автокөлікті тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші Өскемен қаласынан Жарма ауданы Калбатау ауылына қарай бағыт алған. Алдында келе жатқан басқа «Lada» көлігін басып озбақ болған ол абайсызда соқтығысып қалды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апаты салдарынан екінші көлікті басқарып келе жатқан 19 жастағы жүргізуші мен 4 жолаушы дене жарақатын алған. Оларға Өскемендегі облыстық мамандандырылған медициналық орталық қызметкерлері көмек көрсетті. Ал тәртіп сақшылары оқыс оқиғаға кінәлі ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.



Соңғы жаңалықтар