Алматы - Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы - Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 26 қараша күні кешке Көксу ауданында Volvo жүк көлігі мен Lexus 570, Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Passat маркалы көліктер соқтығысқан.

Автокөліктер Алматы - Өскемен тасжолының 187-ші шақырымында төмен түсу кезінде соқтығысқан.

Оқиға орнында 4 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар