Алматы-Өскемен тас жолында көлік аударылып, бір адам мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тас жолының 118 шақырымында көлік аударылып, 62 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік апаты 22 шілде күні болды. Болжам бойынша «Мерседес Спринтер» жүргізушісі рульге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында 62 жастағы жолаушы мерт болды.Оның Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Осы фактіге орай ҚР ҚК 345 бабының 3-ші тармағына сәйкес сот алды тергеу басталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының полицейлері күннің аптап ыстығында жүрек-қан тамыры және созылмалы аурулары бар жүргізушілерге жол жүруден бас тартуға кеңес бергенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ тәртіп сақшылары ыстық ауа райында көптеген адамдарда бастың айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық пайда болып, ұйықтау қаупі артатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар