Алматы-Өскемен тас жолында 7 Tesla-ны тиеп келе жатқан транспорт аударылды

None
Видеодан алынған кадр/instagram.com/krisp.tdk
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тас жолында 7 көлікті тиеп келе жатқан транспорт аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 мамыр күні Алматы-Өскемен тас жолының 143 шақырымында Scania көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Үлкен жүк тасушы транспорт 7 Tesla көлігін тасымалдап бара жатқан. Көлік апатынан жол қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Республикалық трасса қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған көлікті 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Ол Алматы қаласына қарай бағыт алып бара жатқан. Көлік апаты Арқарлы асуының маңында болған.


Соңғы жаңалықтар