Алматы-Өскемен күре жолының бір бөлігі жабылды

2023 жылғы 4 ақпан, 22:12
Алматы-Өскемен күре жолының бір бөлігі жабылды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен күре жолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

«Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Өскемен» күре жолының Қонаев қаласынан Жоламан ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін «Көкпек-Кеген-Түп» тасжолының Аласа қиылысынан Кеген ауылына дейінгі аралығында жол жабылған.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar