Алматы - Өскемен бағытындағы кейбір жол бөліктері жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жетісу полицейлері Алматы - Өскемен автожолындағы кейбір учаскелердің жабылғанын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорғаннан шығыс бағытта дизель отынын пайдаланатын автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектелген.

Бұдан әрі 410-шы шақырымға дейін көлік қозғалысы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

«Сондай-ақ температураның төмендеуі және екпінді жел Алакөл ауданы арқылы Абай облысына қарай өтетін учаскедегі автомобильдердің қозғалысын шектеуге мәжбүр етті»,-дейді Жетiсу облысы Полиция департаменті Жол полициясы басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов.


Соңғы жаңалықтар