Алматы: Өртенген үйдің тұрғындары өз құтқарушыларын мемлекеттік марапатқа ұсынбақ (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб ауданында өртке оранған үйдің тұрғындары өздерінің көршілері Ардақ Есеновті мемлекеттік марапатқа ұсынбақ ниетте.

Қызыл жалынды бірінші байқаған 39 жасар азамат 8 адамды құтқарып қалған.

«Біз Ардақ Есеновті мемлекеттік наградаға ұсынуға өтініш береміз. Шын мәнінде ол үлкен ерлік жасады. Алдымен бірінші қабаттан өзінің жолдасы мен балдызын, 3 баласын алып шықты. Кейін екінші қабатта от құрсауында қалған 34 жасар жігіт пен оның мүгедек анасын, таяуда ғана Кореядан таэквондодан алтын алып келген 8 жасар Санжар Рахимовты құтқарды. Бетін, маңдайын, қолын жалын шарпыған азамат құтқарушының да, өрт сөндірушінің де рөлін атқарды», - деді тұрғындардың бірі Гүлжан Байжанова.

Денесінің 30 пайызын күйік шалған Ардақ қазір қалалық 4 ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын қалыпты деп бағалауда. Алайда, жұмысқа қабілеттілігі сақтала ма, ол жағы белгісіз.

Қазір өрттен жан сауғалап аман қалған 16 отбасы, 50 адам мына күркешіктерде тұрып жатыр. Қазір 10-ға жуық баланың мектепке барар-бармасы белгісіз. Өйткені, олардың алып қойған оқу-құралдары түгелімен өртеніп кеткен. Дегенмен көршілері де, туған-туыстары да, жанашыр азаматтар да оларды ішіп-жем, киімнен тарықтырып отырған жоқ. Сонда да, тұрғындар баспанасының мәселесі шешілмей қала ма деп алаңдаулы.

Соңғы жаңалықтар