«Алматы орталық жүзу бассейні» енді ҚР Қаржы министрлігінің меншігіне өтеді

None
None
ҚазАқпарат - «Алматы орталық жүзу бассейні» ЖШС банкрот деп танылды. Мұндай шешімді Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қабылдады.

«Алматы орталық жүзу бассейні» ЖШС-і банкрот деп танылсын. «Банкроттық процедураны жүргізуге 9 ай уақыт берілсін», - делінген сот қаулысында. Айып тағушы тарап кәсіпорынның мемлекет алдындағы және кредиторлар алдындағы қарызын өтей алмайтындығын алға тартқан. Қалалық Мемлекеттік кіріс департаменті жүргізген салықтық тексеруге сəйкес, кəсіпорынның 207 384 416 теңге борышы бар екендігі анықталды. Борышкер көптен бері қызметін тоқтатқан. Қарызды өтеу мүмкіндігі жоқ. Осы себептерді ескере отырып, Орталық жүзу бассейні банкрот деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Айта кету керек, кəсіпорынды тарату туралы азаматтық іс 13-тамызда қозғалған. Алмалы аудандық сотының шешіміне сəйкес, борышкердің мүлкі тəркіленіп, АҚ-ның 100% акциясы ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік жəне жекеменшік комитетіне берілді.

Соңғы жаңалықтар