Алматы Орталық Азия елдерінен волонтерларды қабылдауға дайын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы Орталық Азия елдерінің барлық еріктілерін қабылдауға дайын. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, Алматыда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша жарияланған Жастар жылының аясында «Орталық Азия жастары» фестивалі ашылды. Ұйымдастырушылар – ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен Алматы қаласының әкімдігі.

«Біздің қаламыз екі күн бойы 7 елдің 400-ге жуық дарынды жастары қатысатын алаңға айналады. Қатысушылар географиясын кеңейтуді және болашақта Ресей, Қытай, Корея мен Үндістанның және басқа да елдердің жастарын шақыруды әрі фестивальды жыл сайын өткізуді ұсындым»,- деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды Еріктілер жылы деп жариялаған болатын.

«2020 жылы Алматыда өңір елдері еріктілерінің Жастар форумын өткізуді ұсынамын»,- дейді Алматы әкімі.


Соңғы жаңалықтар