Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері жұмыстан босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Алмас Джувашев қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, аталмыш ауруханада медқызметкерлер жаппай коронавирус жұқтырған болатын. Олардың кейбірі «Көктем» шипажайына карантинге жатқызылған. Олар видеоүндеу түсіріп, министрдің аталмыш жағдайға назар аударуын өтінген еді.

Таяуда орталық ауруханадағы жаппай коронавирус жұқтыру дерегін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов тексеретіні белгілі болды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазған болатын.


Соңғы жаңалықтар