+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері пара алды деген күдікпен ұсталды

2019 жылғы 19 наурыз 10:42
Бөлісіңіз:
Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері пара алды деген күдікпен ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин 2 айға қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оған ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі негізінде айып тағылды. Лауазымды шенеунік аса ірі көлемде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Қамау мерзімі 13 наурыздан бастап есептеледі», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Нұрлан Тұрдалин 5 іргелі медициналық мекемеде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап «Алматы орталық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бас дәрігер қызметін атқарып келді.

Айта кету керек, жақында қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты іс қозғалған болатын. Оған лауазымды тұлғаларға 25 мың АҚШ доллары көлемінде пара берді деген айып тағылып отыр.

Қазір қалалық денсаулық сақтау басқармасын Қанат Төсекбаев басқарып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT