Алматы орталығындағы асхана өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының орталығында орналасқан «Үрімші» асханасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 07:37– та өрт сөндіру бөліміне Гоголя –Қайырбекова көшесінің қиылысында орналасқан асханадан өрт шыққаны туралы туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер 6 минутта жетті. «Үрімші» асханасынан шыққан өртті сонда істейтін жұмысшылар өздері өшіруге тырысқан. Өрт сөндірушілер асханадан 50 литрлік 7 газ баллонын сыртқа шығарып, қызыл жалынды 11 минутта толықтай сөндірді» – деді ТЖД баспасөз қызметі

Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Оны сөндіруге 4 бірлік техника мен 17 адам жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар