+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы орталығында жатақхана өртеніп, бір адам ажал құшты

2019 жылғы 14 желтоқсан 21:03
Бөлісіңіз:
Алматы орталығында жатақхана өртеніп, бір адам ажал құшты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Алмалы ауданында 4 қабатты жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 17.45-те «101» пультіне Алматы ауданы, Әуезов көшесі, 62 «а» мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Сағат 17.55-те жеткен құтқарушылар 4 қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы бөлме ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтаған», - деп мәлім етті ТЖД-дан.

Қою түтін салдарынан тұрғындар далаға жүгіріп шығып, өрт сөндірушілерге хабарласқан. Сондай-ақ өрт шыққан бөлмеде адам болуы мүмкіндігін айтқан.

«Адамдарды іздеу және тілсіз жауды ауыздықтау үшін газтүтіннен қорғау қызметінің 2 бригадасы жұмылдырылды. Осы мақсатта үшінші қабаттағы терезеге дейін үшиінді саты орнатылып, жалынды өшіруге өрт сөндіру оқпаны берілді. Онымен бір мезгілде эвакуация жолдарын қорғау үшін екінші оқпан пайдаланылды», - деп қосты баспасөз қызметінен.

Бөлмеден бір адамның мәйіті табылды, жынысы және тұлғасы анықталу үстінде.

Қолға алынған шаралардың арқасында өрттің жатақхананың қабырғалас орналасқан бөлмелеріне және өзге қабаттарға таралуына жол берілген жоқ. Жалын 17.59-да оқшауланып, тағы 10 минуттан кейін толығымен өшірілді. Залал келген аумақ - 20 шаршы метр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT