Алматы орталығында орналасқан бірқатар ғимарат сусыз қалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталығындағы бірқатар ғимарат үш сағатқа суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 қараша күні таңғы сағат 9:00 ден 12:00-ге дейін, Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарының Абай – Д.Қонаев - Құрманғазы – Н.Назарбаев көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлерге және басқа нысандарға суық су беру тоқтатылады, деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.

Сонымен бірге, Құрманғазы көшесінің солтүстігінде Н.Назарбаев даңғылы мен М.Төлебаев көшесінің арасында орналасқан кейбір үйлерде суық судың қысымы біршама төмендейді.

Суық суды уақытша тоқтатуға су желілерін ауыстырып, жаңа магистральдық құбырларға қосу себепші болады.

Соңғы жаңалықтар