Алматы оқушылары карантин талаптарын қалай сақтап жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметіше, мегаполисте 288 мыңнан астам оқушыны қамтитын 278 мектеп жұмыс істейді. Оның 270 - мемлекеттік және 71 - жекеменшік.

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, кезекші сыныптарды ондағы оқушы санын 15-тен асырмай ашуға рұқсат етілген.

Кезекші топтарды ашудың басты шарты - барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау.

Аудандық білім бөлімдері мен эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерімен мектептерге аудит жүргізілді, мектептердің санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі анықталғаннан кейін кезекші топтар іске қосылды.

Жамбыл Жабаев атындағы № 161 лицейде 5, 9, 11 сынып оқушылары офлайн форматта оқиды.

Мектепте барлығы 536 оқушы оқиды, оның 358-і қашықтан білім алуда.

Мектепке кіреберісте оқушылар дезинфекциялық туннель арқылы өтеді.

Содан кейін қолдарын санитайзерлермен өңдейді.

Оларды әрқайсысының температурасын өлшейтін медицина қызметкері қарсы алады.

Әр сыныпта 10-15 адамның орташа толымдылығы бойынша талап сақталады. Оқушылар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шахмат тәртібімен отырады.

Мектепте бетперде режимі қатаң бақыланады.

Дәліздерің еденінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер сызылған.

Сыныптар арасындағы үзіліс - 15 минуттан.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі ата-аналарды балаларға мұқият болуға шақырады.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сәйкес, оқушылардың коронавирусты жұқтыру жағдайларының 80%-ында үйде науқас туыстарымен қарым-қатынас байқалған.


Соңғы жаңалықтар