Алматы оқушылары елордадан басталған челленджды жалғады

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда Dostyk Plaza сауда кешенінің жанында оқушылар күйден шашу шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Музыкалық мектептің оқушыларынан  құралған шағын ансамбль қазақтың белгілі күйлерін орындап,  ән шырқады.

nullБұл - Алматы Жас Отан жастар қанатының Ұлттық домбыра күніне орай астаналық әріптестерінен алған эстафеталық шарасы.

null«Жасотан жастар қанаты мен Медеу әкімдігінің қолдауымен музыкалық шараны қолға алдық. Бұл челлендж форматындағы флешмоб астаналық әріптестерімнен қабыл алынды. Келесі кезек Қытайда оқып жатқан қазақ студенттерінде. Бұл жастар арасындағы ұлттық аспап домбыраны насихаттау,  оның қадір қасиетін түсіндіру болып табылады»,- деді Жас Отан жастар қанатының Алматыдағы жетекшісі Дулат Қасымов.

nullОның айтуынша, аталған флешмоб дәстүрлі түрде жылда өткізіліп тұрады.  Қытайдағы қазақ жастарынан соң эстафетаны Канада жастары іліп алмақ.

Соңғы жаңалықтар