Алматы облысының жолдарына 16 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысының жолдарын жөндеуге 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде өңір жолдарының 78 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілді, -  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 9600 шақырымнан астам автомобиль жолдары бар. олардың 2850 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Ержан Жасыбаевтың айтуынша, жылдан-жылға жөнделген жолдар көлемі және оған бөлінген қаржы артып келеді. Биыл негізгі басымдық өңірдің туристік мүмкіндіктерін арттыратын бағыттарға аударылды.

«Ақши ауылының орталық жолынан көл жағасындағы демалыс орындарына  дейінгі жолдарға асфальт төселді. Балқаш көліне дейінгі жолдың күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда көпірлерін ауыстырып жатырмыз. Алдағы екі жылда сапалы жол төселеді», - дейді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек Талдықорған қаласының жолдарын жөндеуге облыс бюджетінен 3,8 млрд теңге бөлінген. Облыс орталығындағы жолдардың жиынтығы 564 шақырым. 26 шақырым болатын 28 көшеге күрделі жөндеу жүргізілуде. 14 көше орташа жөндеуден өтіп, 51 көшеге тас төселді. Қаланы газдандыру кезінде бұзылған 78 көшенің асфальттары қалыпқа келтірілуде.

Соңғы жаңалықтар