Алматы облысының Жер қатынастары басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жер қатынастары басқармасына басшы болып Қайрат Бисембаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа басшыны аппарат жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов  таныстырды.

Қайрат Бисембаев - 1965 жылы туған. Білімі жоғары. «Жамбыл гидромелиоративті құрылыс» институтын, «Тұран» университетін және «Технология, құрылыс, баға және сапаны басқару университетін бітірген. Мамандығы - құрылыс инженері, заңгер және сарапшы-бағалаушы. Ол еңбек жолын «Торгайсельхозводопровод» мекемесінің шебері болып бастады. Әр жылдары клуб меңгерушісі, кеңшар комсомолы комитетінің хатшысы, ауылдық кеңестің төрағасы, ауылдық округ әкімі, «Подгорный» АҚ қоспажем зауытының бастығы, «Бірлік және К» ЖШС директоры, облыстық лицензиялау орталығы бөлімінің бастығы, «Құрылысконсалтинг» ЖАҚ филиалының директоры, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы, департамент директоры қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бері Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы болып келген. Ал 2015 жылдың қаңтарынан бастап Қаратал ауданының әкімі қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жер қатынастары басқармасын Жолан Омаров басқарған болатын. Ол қазір Райымбек ауданының әкімі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар