Алматы облысының Жамбыл ауданында төтенше жағдай жарияланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында күннің күрт жылынуынан қардың тез еріп, елді мекендерді су басуына байланысты Жамбыл ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызыл судан, әсіресе, Қайназар ауылының тұрғындары жапа шегуде. Таудағы қар суы аулалар мен жертөлелерге кіріп, халықты әбігерге салуда. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында қазіргі таңда ауыл басында кезекшілік қойылып, мотопомпалар арқылы су сору жұмыстары жүріп жатыр.

«Қайназар ауылында көшелері мен тұрғын үйлердің аулаларына су кіріп, елді әбігерге салуда. Қазір аудандық жедел әрекет ету тобы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе, біріккен шара қолға алуда. Бірінші кезекте судың бетін қайтару жұмыстары қолға алынған. Ол үшін суға арнайы тосқауылдар қойылып, құм себілуде. Сонымен қатар кезекшілік қойылып, су деңгейі бақылауға алынған», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Алматы облысының Қайназар ауылында қызыл су бүтін бір ауылға жайылып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар