+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматы облысының үздік мұғаліміне көлік сыйға берілді

2021 жылғы 7 қазан 00:26
Бөлісіңіз:
Алматы облысының үздік мұғаліміне көлік сыйға берілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Жылдың үздік мұғалімі» деп танылған Жамбыл ауданы Қарасу орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Динара Бұхарбаеваға «JAC» автокөлігінің кілті табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында жеті автокөлікті тонаған 20 жастағы күдікті ұсталды 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдау тоқтатылды - БҒМ Қандай ауа райында оқушылар мектепке бармайды

Бүгін Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайы ғимаратында өткен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев өңірдің барлық ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Облысымыздың білім саласының дамуына қосқан зор үлесі және жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі табыстары үшін марапатқа ие болған ұстаздардың тізімі төмендегідей:

Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен:

Ақсу ауданы Ақсу политехникалық колледжінің директоры Сакен Еспаев;

Панфилов ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бибігүл Байғонысова;

Сарқан ауданы Алмалы орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі Зейнехан Блискельдинова;

Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Айгүл Аутбаева;

Талғар ауданы №41 орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Салтанат Малдыбаева марапатталды.

Облыс әкімінің Алғыс хатымен:

Талдықорған қаласындағы облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының педагог-дефектологы Гульмира Чоканова марапатталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» белгісімен:

Жамбыл ауданы С.Бердіқұлов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мая Сартжанова;

Талдықорған қаласы №28 IT лицейінің директоры Гүлжанар Еспанова;

Талдықорған қаласы №7 ясли балабақшасының меңгерушісі Ұлтуар Мамекова;

Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Дүйсен Асылбаев;

Жамбыл ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп және мектеп жанындағы интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байгенже Ергедыров марапатталды.

«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен:

Ақсу ауданы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Қасенова;

«ҚР Еңбек ардагері» медалімен: Ақсу ауданы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі, ардагер ұстазы Ғалия Омарова марапатталды.

Республикалық «Үздік педагог» атағын жеңіп алған:

Талдықорған қаласы Мұхтар Арын атындағы №24 дарынды балаларға арналған лицейінің химия пәні мұғалімі Әмір Сәулетхан;

Текелі қаласы №6 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Наталья Дегтярева;

Көксу ауданы Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектеп гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Зарина Темірғали;

Талдықорған қаласы «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі» арнайы пәндер оқытушысы Гүлнар Төкеноваға ақшалай сертификаттар табысталды.

Облыстық «Үздік педагог-2020» атағы:

Алакөл ауданы, Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығы, музыка және ән пәнінің мұғалімі Әсия Уалиеваға, Еңбекшіқазақ ауданы А.Малкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Тамара Ещановаға, Жамбыл ауданы Мыңбаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Қалибек Сүлейбекке, Жаркент қаласы «Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» арнайы пән оқытушысы Ақмарал Нұрбековаға, «Алматы обллысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласының инновациялық технологиялар колледжі» өндірістік оқыту шебері Мұқаш Иманжанға 890 мың теңгенің ақшалай сертификаттары табысталды.

Алматы облысының «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» номинациясының жеңімпазы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Жылқыбаев Алмасқа және «Үздік сынып жетекшісі» номинациясының жеңімпазы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Қайролла Жаңылғанға І-ші дәрежелі диплом және 500 мың теңгенің сертификаттары табысталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT