Алматы облысының «Үздік мұғаліміне» автокөлік кілті табысталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ұстаздар қауымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шарада А.Баталов облыс педагогтарының жетістіктерін атап өтіп, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тоқталды.

«Жылдың үздік мұғалімі» номинациясының жеңімпазы Ақсу ауданы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Қаймұханов Асыл Қайырбекұлына автокөлік кілті табысталды.

Осыдан кейін өңір басшысы облысымыздың білім саласының дамуына қосқан зор үлесі және жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбие берудегі табысты еңбегі үшін ұстаздарды облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, алғыс хатымен, және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.

Атап айтқанда, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Текелі қаласы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Роза Жанакулова , Қаратал ауданы Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ботакөз Жуманова, Ескелді ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сара Джумабаева , Қапшағай қаласы балалар шығармашылық және жазғы демалыс орталығының директоры Талғат Фардеев марапатталды.

Ал өңір басшысының Алғыс хаты Ақсу ауданы Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Назгүл Сейткожановаға берілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісіне Талдықорған қаласы № 22 орта мектеп мұғалімі Ақшолақова Рахиля Молдағалиқызы, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Қабдулова Алуа Жанатайқызы, Қ.Байсейітов атындағы Талдықорған саз колледжінің арнайы пән оқытушысы Наурызов Камил Нағиметуллаұлы, Сарқан политехникалық колледжі директорының өндірістік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Тобышақов Бауыржан Орғыбекұлы ие болды.

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен Талдықорған өнеркәсіп индустрия және жаңа технологиялар колледжінің директоры Қоянов Еркінбек Ысқақұлы, облыстық білім басқармасының бас маманы Тұрғанбаева Роза Максимқызы;

Республикалық «Үздік педагог» атағын жеңіп алған және 2 миллион 778 мың теңге қорын иеленген ұстаздар: Көксу ауданы, М.Құрманов атындағы № 2 орта мектеп мұғалімі Герман Людмила Владимировна, Талдықорған қаласы, № 28 IT мектеп-лицейінің мұғалімі Байгожина Индира Болатовна, Талдықорған қаласы, М.Арын атындағы № 24 ДБАЛ мұғалімі Буланов Мұрат Даданбекұлы, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің оқытушысы Кабдуллина Айнур Актлековна;

Облыстық «Үздік педагог» атағын жеңіп алған және 850 мың теңге қорын иеленген ұстаздар: Алматы экономикалық колледжінің оқытушысы Жеткізгенқызы Гүлсая, Текелі кәсіптік колледжінің оқытушысы Падалкина Анна Васильевна, Талдықорған қаласы №20 дарынды балаларға арналған лицей мұғалімі Амирова Алия Кыдырханқызы;

«Үздік ауыл мектебі» номинациясының жеңімпазы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп - гимназиясы директоры – Махамбетова Сауле Оралханқызы, «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» номинациясының жеңімпазы Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің директоры – Алтаев Болат Бекбосынұлы, «Үздік сынып жетекшісі» номинациясының жеңімпазы Алакөл ауданы Үшарал №1 орта мектептің мұғалімі, сынып жетекшісі - Ахметова Айгүл Дауренбекқызы І-дәрежелі дипломмен және 500 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін ұстаздар құрметіне шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар