Алматы облысының үздік ауданы автокөлік жеңіп алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Алматы облысының аудан, қала мәдениет күндерінің «Тәуелсіздік - тұғырым» атты қорытынды гала-концерті өтті.

Салтанатты шара басында қонақтар  мен көрермендерге безендірулермен және неонды жарықтармен көмкерілген Қазақ хандығынан басталып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына дейінгі уақыт аралығында болған оқиғаларымен тарихта елеулі орын алатын сәттерден сахналық қойылым көрсетілді.

null  

Осыдан кейін облыс әкімі аудан, қалалардың мәдениет саласын дамытуда атқарған еңбектері мен жетістіктері үшін алғысын білдіріп, жиналған халыққа жалпы Алматы облысының ағымдағы жылы мәдениет саласында қол жеткізген жетістіктері туралы қысқаша баяндап берді. 

null  

Сөз соңында өңір басшысы мәдениет күндерін жоғары деңгейде өткізіп, мәдени-көпшілік шаралары мен мәдениет саласын қолдаудағы ерекше үлесі үшін Қарасай ауданынан өзге барлық 15 аудан және 2 қаласының әрқайсысына Алғыс хат пен 500 000 теңгенің сертификатын табыстады. Ал Қарасай ауданы мәдениет саласындағы көрсеткіштері бойынша «2016 жылдың үздік ауданы» атанып, бас жүлде «Лада Ларгус» автокөлігіне ие болды.

null  

Шара соңы жетісулық өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

null null  

Соңғы жаңалықтар