Алматы облысының туризм саласы цифрландырылуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының туризм индустриясы цифрландырылады. Талдықорғанда осы бағытта алғашқы семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинар бағдарламасы туристік операторлардың, қонақ үй иелерінің, тамақтану саласы өкілдері, ұлттық парктер мен музейлердің мамандары, жол бойындағы қызмет көрсету орындары мен қолөнер шеберлерінің Google, Yandex, Tripadvisor, Booking сияқты халықаралық платформаларда цифрлік сауаттылықты арттыруды көздейді.

Мамандардың айтуынша бүгінгі таңда әлемдегі туристердің 39 пайызы қолындағы смартфоны арқылы саяхаттайды. Атап айтқанда белгілі бір платформада өзіне қажет барлық ақпаратты алып, ұшаққа билет алып, қонақ үйде орын алып, баратын жері туралы толық мағлұмат ала алады. Алматы облыстық туризм басқармасы жетісулық туристік нысандардың шетелдік туристерге қолжетімді етуді көздейді. Сондықтан туризмді цифрландыру бірінші кезекте. Семинар алдағы уақытта 7 локацияға бөлініп, тақырыпқа сәйкес әр жерде өтеді.

Айта кету керек жыл сайын туризм саласы өңірде қарқынды дамып келеді. Биыл жыл соңына дейін жер жаннаты Жетісуда демалушылар саны 3 млн адамға жетеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар