Алматы облысының тұрғыны туған бауырына жала жапқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 48 жастағы әйел өз бауырынан зорлық-зомбылық көргенін айтып, полицияға шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,

Жамбыл аудандық полиция бөліміне 48 жастағы жергілікті тұрғын арыз беріп, өз бауырының зорлық-зомбылық көрсеткенін айтқан.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктіге іздеу жариялаған. Ішкі істер органдарының жан-жақты іздеу салғанынан бейхабар 41жастағы азамат шаруа қожалықтардың бірінде малшы болып қызмет атқарған. Полицейлер айып тағылған азаматты тауып, тергеу барысында ешқандай қылмыстық әрекеттің болмағанын анықтады.

«Өткен жылдың тамыз айында 48 жастағы әйел өзінің туған інісімен ренжісіп, кек алу мақсатында жала жапқаны белгілі болды. Құқық қорғау органдарына көрінеу жалған ақпарат берген әйелге қатысты қылмыстық өндіріс қозғалып, күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды», - деді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу ісін Жамбыл аудандық полициясы жүргізіп жатыр.

Сот аталған қылмысы үшін күдіктіге айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастыратын лайықты жаза шарасын анықтайды.


Соңғы жаңалықтар