Алматы облысының тұрғыны тойда сыйға алған бір қоянның басын 300-ге жеткізген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Балқаш ауданында тұратын Бақтығали Дәуітбаев бір жарым жылдан бері қоян асырап, кәсібін жүргізіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкердің атап өтуінше, нарықта бұл үй жануарының еті де, терісі де құнды. Жылдам көбейетіні тағы бар. Мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырған іскер азаматтың қоян асыраумен айналысуына тойдағы оқиға себеп болған.
null

«Қонақта той иелері ойын ойнатып, сыйлыққа бір көжек сыйлайды. Сол жалғыз қоян кәсіпкерлікке бет бұруыма шабыттандырды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1,8 млн теңге несиеге, алғашқы 40 қоянды сатып алдым. Қора-жайды реттеп, қазір қояндар санын 300-ге жеткіздім», - дейді кәсіпкер.
null

Бақтығалидің бизнесін отбасылық деп айтуға болады. Кәсіпкердің 7 баласы бар. Мектептен келе сала әкелеріне көмектесіп, қояндардың жем-суын береді, қорасын тазалайды.

Оның айтуынша, балалары  бір жағынан кәсіпке машықтанса, екіншіден еңбекқор болып өседі. Әсіресе 11-ші сыныпта оқитын ұлы Бекарыстың бұл кәсіпке қызығушылығы өте зор. Ол қоян өте өсімтал және асырағанға тиімді жануар екендігін қазірден байқап, біліп отыр.

Бақтығалидің қорасында қоянның бірнеше тұқымы бар. Бірі терісімен құнды болса, енді бірі етті бағытта. Мәселен тоғыз айлық «великан» тұқымды көжектің салмағы 5 кг дейін жетеді. Одан қазірдің өзінде 3 кг ет алуға болады. Сондай-ақ қояндардың тағы бір ерекшелігі қыста суыққа төзімді әрі көжектері көп болады.

Кәсіпкер қоян санын кемінде екі есеге арттырып, айына 100 қоянды тұрақты түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр.
null

Соңғы жаңалықтар