+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматы облысының тұрғыны шетелдік 22 азаматты алдаған

2021 жылғы 21 маусым 16:58
Бөлісіңіз:
Алматы облысының тұрғыны шетелдік 22 азаматты алдаған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында өзге мемлекет азаматтарын алдады деген күдікпен 44 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жалған медициналық құжаттар сатқан 3 түркістандық азамат ұсталды Алматы тұрғыны 13 жасар өгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 12-14 маусымы аралығында шетелдік 22 азамат полицияға арыз жазған.

«Еңбекшіқазақ аудандық полициясына шағымданғандардың сөзінше, оларға белгісіз әйел еңбек келісімшартын жасауға көмектесемін деп уәде берген. Әрқайсысынан 3-5 мың теңгеден ақша алған. Жедел-іздестіру шарасы барысында Бәйдібек би ауылының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Әйел өз кінәсін мойындады», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 187-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT