Алматы облысының тұрғыны шекарада 3,5 келі сынаппен ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан өңірлерінде «Допинг» жедел-алдын алу шарасының 2-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, акцияның алғашқы үш күнінде-ақ есірткі құралының 75 ампуласы, психотропты заттың 10 таблеткасы және 240,2 тонна прекурсор мен 2805,6 тонна улы зат тәркіленген.

«Шара барысында 9 - қылмыстық, 28 әкімшілік құқықбұзушылықтың беті ашылып, дәрілік құралдарды рецептсіз босатудың 17 фактісі тіркелді. Бұған жол берген 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның алтауы - дәрігер», - делінген министрліктің мәліметінде.

Рейдтің бұл жолғы кезеңінде 26 есірткі қылмысы әшкереленіп, 17 есірткі өткізу фактісі анықталған. Оның ішінде 4 қылмыс аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша тергеуге алынған.

«Мысалы, шараның алғашқы күнінде Шымкент қаласындың 19 жастағы тұрғыны героин сату кезінде ұсталды. Үйін тінту барысында электронды таразы мен жалпы салмағы 94,6 грамм героин салынған төрт полиэтилен бума алынды. Ал Алматы облысының Қарасай ауданында 1968 жылғы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Одан салмағы 55,7 келі кептірілмеген марихуана тәркіленді. Есірткіні ол жол сөмкелеріне тығып ұстаған. Сондай-ақ, «Қордай» бекетінде Алматы облысының 1950 жылғы тұрғыны шекарадан 3,4 келі сынап өткізбекші болған. Улы заттың қайдан шыққаны анықталып жатыр», - делінген ресми ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар