USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматы облысының тұрғыны полицейге тап берді

2016 жылғы 25 қазан 19:06
Бөлісіңіз:

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны полицейге тап беріп, дене жарақатын салды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті. Анықталғандай, Қапшағай қаласының 24 жастағы тұрғыны алдымен еш себепсіз темір құбырдың кесіндісімен қаладағы көліктерді зақымдаған. Шұғыл түрде жеткен полицейлердің көлігіне де ішімдік ішіп алған азамат тап берген. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған жергілікті тұрғынды бейберекет әрекеті үшін ұстау барысында полицейде дене жарақатын алды. Абырой болғанда, тәртіп сақшысы алғашқы медициналық көмектен кейін қайта қызметін жалғастырды.

«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы («Билік өкiлiне қатысты күш қолдану») бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам Қапшағай қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT