Алматы облысының тұрғыны не себепті итті жүк көлігімен сүйрегенін айтып берді

None
КОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысы Еркін ауылында итті жүк көлігіне байлап, көшеде сүйреген жүргізуші полицияда әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның 25 қыркүйекте Талғар ауданында болғанын хабарлады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүк көлігінің 42 жастағы жүргізушісін анықтап, аудандық ведомствоға жеткізді.

Жүргізуші өзін ақтау ретінде көліктің бұзылуына байланысты мәжбүрлі тоқтаған кезде белгісіз біреулер итті көлігіне байлап кеткенін және ол итті жанында кетіп бара жатқан басқа көліктегілер сигнал бергенде ғана байқағанын айтты.

«Аталған факті бойынша Талғар аудандық полиция басқармасында ҚР ӘҚБтК-нің 407-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Айта кетейік, аталған оқиға бойынша полицияға ешкім арыз, шағым берген жоқ», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Талғар ауданы Еркін ауылында КамАЗ жүргізушісі итті жүк көлігіне байлап, көшемен сүйрегенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар