Алматы облысының тұрғыны марал өсіруді қолға алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысының тұрғыны Шығыс Қазақстан облысынан 23 маралды жеткізіп, шаруашылықты дамытуды қолға алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақсу суының бастауында орналасқан шаруашылық кербұғыларды арнайы қоршалған орынға жіберді. Суықсай ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылында орналасқан «Аршалы тур» ЖШС медициналық туризмді дамытуды көздеп отыр.

«Марал мүйізіндегі қанның құрамында адам ағзасына пайдалы 25 түрлі микроэлемент бар. Ал сорпасына түсу сүйек, буын ауруларына адам денсаулығын нығайтуға таптырмас ем. Демалыс орнына туристердің ағылып келетініне күмәнданбаймын. Жол азабын тартып, дертке шипа іздеп, Өскеменге барып жүрмей, жақын жерден шипажай ашылса халыққа тиімді болады деп ойлаймын», - дейді кәсібін енді бастаған Берік Алдабергенов.

Кәсіпкердің басты мақсаты — емдеу-сауықтыру кешенін ашып, демалыс орнына айналдыру. Тұрғын осы саланы бастау үшін жаз уақытында Катонқарағайға арнайы барып 10 күн марал өсірудің қыр-сырымен танысып, панта әзірлеуді үйреніп қайтыпты. Алдағы уақытта тағы да маралдардың санын арттырып, осы кәсіпті дамытуды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар