Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі сиырын атып тастады

ТАЛДЫҚОРАҒН.ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі сиырын атып тастады. 1966 жылғы ер адамның мұндай қадамға баруына сиырлардың ауласына кіріп кетуі себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Кербұлақ ауданында болған. 13 қараша күні түнде полицейлерге Шоқан ауылының екі тұрғыны арыз түсірген. Олардың сөзінше, ауылдастары олардың екі сиырын атып өлтірген. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығын көлемін 600 мың теңгеге бағалап отыр.
«Малдардың өлгендігі жөнінде ақпарат расталды. Ішімдік ішкен 1966 жылғы тұрғын «ИЖ-18» аңшы қаруымен екі сиырды атып тастаған. Күдіктінің сөзінше, малдар оның ауласына кіріп кетіпті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабына (Жан-жануарларға қиянат жасау) сәйкес сот-алды тергеу жүріп жатыр»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, күдікті қаруды заңсыз сақтағаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Полицияның ақпаратына сәйкес, жануарларды атуға қолданған қару еш жерде тіркелмеген болып шықты.
- Жыл басталғалы ел аумағында 340 келіден астам есірткі тәркіленді
- Велосипед ұрлаған Ресей азаматы 12 жылдан кейін Павлодарда ұсталды
- Қарағанды облысында үш адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті
- Алматыда есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықталды
-
Мемлекет басшысы: Алматыда шешілуге тиіс көптеген мәселе бар
-
АӨК туралы ұлттық жоба маусымға дейін реформа жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам