+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматы облысының тұрғыны ғашығына бару үшін көршісінің көлігін ұрлап кетті

2018 жылғы 4 қаңтар 14:55
Бөлісіңіз:
Алматы облысының тұрғыны ғашығына бару үшін көршісінің көлігін ұрлап кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны ғашығына бару үшін көршісінің көлігін ұрлап кетті. Оқиға Үштөбе қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір қызығы 64 жастағы зейнеткер «Volkswagen Jetta» көлігінде кілтін қалдырып кеткен. Ал көршісі гараждан машинаны итеріп шығарып, Талдықорғанға қарай бет алған. Ұрланған көлік Талдықорғанға кіре берісте жанармай құю бекеті жанынан табылды.

Ғашығына «Volkswagen Jetta» көлігімен бармақ болған 22 жастағы жігіт машинаның нөмірін шешіп тастаған.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен іс қозғалды. Заңға сәйкес мұндай қылмыс жасаған адамға бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығы шектеледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT