Алматы облысының тұрғыны екі адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері екі адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ауыл тұрғынын қамауға алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше, 22 тамыз күні, Көксу ауданында болған. Таулы аймақтағы қыстақтардың біріндегі шаруа қожалығында қинап өлтіру белгілері бар 23 жастағы ер адам мен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіттері табылған.

Аса ауыр қылмысты осы шаруа қожалығының 31 жастағы жұмысшысы жасады деген күдікке ілініп отыр.

«Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу барысында факті бойынша жүргізілуі тиіс әрекеттер кешені толық іске асырылады. Оқиға орнында балта табылып, тәркіленді. Ол айғақ зат ретінде қылмыстық тергеу материалдарына тіркелді. Күдікті Көксу ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар