+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматы облысының тұрғыны битті кетіремін деп баласын өлтіріп алды

2018 жылғы 31 қазан 12:08
Бөлісіңіз:
Алматы облысының тұрғыны битті кетіремін деп баласын өлтіріп алды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында әйел адам 2 жастағы қызының шашындағы битті кетіремін деп баласынан айырылып қалды. Жантүршігерлік жағдай Талғар ауданындағы Туғанбай ауылында болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, анасы 2013 және 2016 жылғы қыздарының шаштарындағы битті кетіру үшін «Неоцидол» қолданған. Аталған дәріні суға ерітіп, қыздарының шаштарына жаққан. Көп ұзамай дәрі балаларға әсер берген. Құсып, әлсіреп, ауыздарынан көбік аққан қыздарын анасы ауылдық амбулаторияға жеткізген.

«Анасы екі қызын алып, ауылдық амбулаторияға барған. Бірақ 2016 жылғы баласы амбулаторияға өлі күйінде жеткізілді. Ал 2013 жылғы баланың жағдайы жақсарып келеді. Бастапқыда ол жансақтау бөлімінде болған. Қазір жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір қыз бала Іле ауданындағы Алматы аймақтық балалар аурухасында ем қабылдауда», - деді аталған ведомстваның өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Жалпы, ғаламтордағы мәлімет бойынша, «Неоцидол» малдағы кене, биттерді өлтіруге арналғаны жазылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT