Алматы облысының тұрғыны бір жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласының тұрғыны бір жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады. 27 жастағы жігіттің айтуынша, ол өзінің  туған ағасын пышақтап өлтіріп, жертөлеге көміп тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталғандай, 12 қаңтар күні «102» нөміріне Үштөбе қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің ауыр қылмыс жасағаны жөнінде айтқан. Сөзінше, 2017 жылдың 16 сәуірінде туған ағасымен жанжалдасып, пышақтап өлтірген. Қылмысын жасыру үшін мәйітті үйінің жертөлесіне көміп тастапты. Күдікті айтқан жер тексеріліп, ол жерден жартылай шіріген  ер адамның мәйіті табылды.

«Белгілі болғандай, жанжал екі азаматтың дастархан басында ішімдік ішіп отырғанда туындаған. Қазір аталған факті бойынша қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдікті ұсталды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 99  бабына  «Адам өлтіру»  сәйкес іс қозғалып, тергеу жалғасуда», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ал күдікті өз кінәсін  өлген ағасының жиі түсіне кіріп, мазасын қашырғандықтан қылмысымды мойындадым деп  түсіндірген.

Соңғы жаңалықтар