Алматы облысының тұрғыны Армениядан өз атына 78 автокөлік әкелген - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ елге ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдары туралы мәліметтерге талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарт.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 475 қазақстандық 4152 автокөлік, яғни әрбір адам 5 және одан да көп көлік әкелген.

Көлік құралдарын алып келуден Алматы облысының тұрғыны көш бастады. Ол өз атына тіркелген 78 автокөлікті Армениядан әкелген.

Атырау облысының екі тұрғыны 43 және 40 автокөлік кіргізген.

Қазақстанға 5-тен көп көлік алып кіргендердің басым көпшілігі мына облыс тұрғындары:

Атырау облысы – 2300 автокөлік,

Маңғыстау облысы- 468 автокөлік,

Ақтөбе облысы - 391 автокөлік,

Алматы облысы - 170 автокөлік

Түркістан облысы - 146 автокөлік.


Соңғы жаңалықтар