Алматы облысының тұрғыны 20 велосипед ұрлаған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полиция велосипед ұрлаумен айналысқан Талдықорған қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір және мамыр айы аралығында Талдықорған қалалық ІІБ-ге қала тұрғындарынан құны қымбат тұратын велосипедтердің жоғалғаны жөнінде шағымдар келіп түскен.

«Арнайы іс-шара кезінде қалалық полицейлер бұрын сотталған 27 жастағы ер адамды ұстады. Оның соңғы екі айда облыс орталығында тіркелген 20 велоспипедті ұрлағаны дәлелденді. Жоғалған велосипедтің бір бөлігі табылып, полиция оны заңды иелеріне қайтарды. Талдықорған қалалық ІІБ қызметкерлері күдіктінің осындай басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоқтығын тексеруде», - делінген баспасөз хабарламасында.

Күдікті ер адам қазір қамауға алынған. Ұрлықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін Талдықорған қаласының полициясы қарастыруда. 

Автор: Хасан Еспанов

Соңғы жаңалықтар