+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы облысының тұрғыны 2 адамды өлтіргені үшін 18 жылға сотталды

2014 жылғы 22 желтоқсан 13:56
Бөлісіңіз:
Алматы облысының тұрғыны 2 адамды өлтіргені үшін 18 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Е.Қойшыбаев есімді азаматты 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қанды қылмыс Алматы облысында орын алған.

Іс материалдарына сәйкес, Е.Қойшыбаев өзінің азаматтық некедегі әйелімен бірге жергілікті жеке шаруа қожалығына жұмысқа орналасады. 2014 жылдың 20 маусымында сотталушы, әйелі, тағы бір жұмысшы алкогольдік ішімдік ішіп отырады.

Кейін отырыстың арты дау-жанжалға ұласты.

Қойшыбаев алдымен өзінің әйеліне 50 рет пышақ сұғып алған. Алған жарақатынан келіншек сол жерде қайтыс болған.

Артынан өзінің қанды қылмысына куә болған жұмысшының да 30 жерінен пышақ сұғып, оны да өлтіріп тынады.

Соттың шешімімен Е.Қойшыбаев ҚР ҚК 96-бабы 2-тармағымен көрсетілген қылмыс бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын ерекше режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT