Алматы облысының тұрғындары тасжолдың елді мекен ішімен өтуіне қарсы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылының тұрғындары Алматы-Өскемен тасжолының елді мекен ішімен өтетін бөлігінің жобасына қарсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Тұрғындардың айтуынша,  жаңа жол Қонаев көшесінің бойындағы 54 үйдің ауласын тарылтып, қозғалысын шектейді. Себебі екі жолақты жол төрт жолақты болып кеңейеді. Оған қосымша суағарлар  мен жаяу жүргінші жолы қосылады. Бұл тұрғындардың жүріп-тұруына, көлікпен кіріп-шығуына мүлдем қолайсыз. Сондықтан тұрғындар облыс әкімінен араша сұрап, видеохат жолдады. Жол жасалады дегелі 3-4 жылдан бері дәл осы көшенің ауыз суы, жарық жүйесі жасалмай келеді. Алайда мамандар жолдың ені ескі жолдан еш ұлғаймайды деген пікірде.

"Қазавтожол" ҰҚ АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев тұрғындармен кездесіп, жобаның жай-жапсарын түсіндірді. Тұрғындардың мәселесін шешу мақсатында арнайы комиссия құрылып, олар әр үйді жеке-жеке аралап шығатын болады. Егер мәселе оң шешілмесе бақтыбайлықтар бейбіт шеруге шығып, жолды жабуға бел буып отыр.

Соңғы жаңалықтар