Алматы облысының тұрғындары ПД басшысына қауіпсіздікке қатысты проблемаларын айтты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Жолдағы қабылдау» және «Ауладағы қабылдау» республикалық іс-шаралары барысында қабылдау өткізген облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Ұрұмхановқа тұрғындар өзекті мәселелерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен облыс орталығының жаңа шағын аудандарының бірінде тұрамын. Бәрі әдемі. Бірақ, кейбір жастардың түнгі мезгілдегі қылықтары толғандырады. Қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар көп кездеседі. Соны бақылауға алсаңыз жақсы болар еді»,- деді қала тұрғыны Ардақ Айбарұлы.

Қабылдауға келген бір адам жақын маңдағы аудан орталығында тұратынын және қаладан шыға берістегі тиісті аялдамаға баратын жолда үлкен күре жолды қиып өту өте қауіпті екенін айтты.

«Бұл – өте өзекті мәселе. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Қалалық полиция басшылығы тиісті қызметтермен және жергілікті атқарушы билікпен қажетті шараларды қабылдап, аталған жол учаскесінде жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнату мәселесін қарастыруды тапсырамын», - деді облыстың бас полицейі Мұрат Ұрұмханов.

Сонымен қатар, полиция генерал-майорының қабылдауына келген тұрғындар аула қауіпсізігі, жол қауіпсіздігі, бейнебақылау камераларының жұмысы, учаскелік полиция инспекторларының қызметі және жалдамалы пәтерлер қызметін қатаң бақылауға алу сынды мәселелрді көтерді. Облыстық Полиция департаментінің бастығы тәртіп сақшыларына тиісті тапсырмалар беріп, аталған мәселенің шешілуін қатаң бақылауға алатынын жеткізді.

Айта кетейік, аула тұрғындарымен кездескен полиция генералы бір ай мерзімнен кейін кездесуге тағы келетінін және бүгін көтерілген мәселелерді полицейлердің қалай шешкені туралы есепті тыңдайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар