Алматы облысының тұрғындары отшашу атам деп мал азығын өртеп жіберді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғындары отшашу ату барысында мал азығын өртеп алды. Бір оқиға Райымбек ауданының Көмірші ауылында орын алса, екіншісі Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында болған деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылды мерекелеу кезінде 14 өрт дерегі тіркелсе, оның 4-еуі отшашу қолдану салдарынан болған.

Текелі және Қаскелең қалаларында отшашу ұшқыны көпқабатты үйлердің балконына түсіп, ондағы киімдер мен заттардың өртенуіне себепші болған. Сондай-ақ Райымбек ауданы, Көмірші ауылында отшашудан 4,5 тонна шөп өртке оранса, Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында 15 тонна мал азығы жанып кетті. Барлық өртті сөндіруге аудандардың өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы атсалысты.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар